Баспасөз мәслихаты барысында Ерсайын Нағаспаев журналистерді отандық құрылыс материалдары өндірісінің үлесі өткен жылғы 67%-дан биыл 73%-ға дейін артқаны жөнінде хабардар етті.
«Біздің басты мақсатымыз – құрылысты сапалы жүргізу. Бүгінде құрылыс материалдарының 73%-ы Қазақстанда өндіріледі. Яғни, ішкі нарықты цемент, бетон, темірбетон, металл конструкциялары, сондай-ақ гипсокартонмен өзіміз қамтамасыз етіп отырмыз.
Біз импортқа тәуелділікті азайту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз. Жыл соңына дейін Қазақстанда 45 жаңа жоба іске қосылады. Мысалы, испаниялық Roca компаниясы Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін зауыт салып жатыр. Қарағанды облысында «ТехноНИКОЛЬ» ЖШС жылу оқшаулағыш материалдар өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Ал «QAZCLINKER» клинкерлік тақталар өндіретін зауыт салуда. Мақсатымыз – отандық өндірістің үлесін 80%-ға жеткізу», – деп атап өтті министр.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









