Қазақстан Оман Сұлтандығы және Словакия Республикасымен өнеркәсіп саласындағы әріптестікті кеңейтуде

    1 / 2

    Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Оман Сұлтандығы мен Словакия Республикасының Қазақстандағы елшілері Салах бин Салим бин Әли Джабуб және Любомир Регакпен келіссөздер жүргізді.

    Оман Сұлтандығының елшісімен кездесуде министр жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады. Өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургиясы секторындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар перспективалы учаскелерде пайдалы қазбаларды барлау бағытындағы әріптестіктің мүмкіндіктері қаралды.

    Словакия Республикасының елшісімен кездесу барысында Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы уақытқа жоспарланған 11-отырысына дайындық мәселелері сөз болды.

    Словакия тарапы инвестициялық әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Ерсайын Нағаспаев Қазақстан кәсіпорындарының күрделі нысандарда жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибесі, технологиялары мен капиталы бар екенін атап өтті. Бұдан бөлек, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің зор мүмкіндігі бар екені айтылды.

    Екі кездесудің қорытындысы бойынша тараптар достық және әріптестік байланыстарды одан әрі дамытуға, оның ішінде өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын пысықтауға ниетті екендерін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары