Департаменттің штаттан тыс қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары

    1 / 3

    2026 жылғы 3 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Б. Н. Дандубаева штаттан тыс қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау тақырыбында түсіндіру сұхбатын өткізді.

    Әңгімелесу барысында парасаттылық, адалдық және кәсіби жауапкершілік қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау кезінде құпиялылық талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға және азаматтардың мемлекеттік органға деген сеніміне теріс әсер етуі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары