Бүгінмүгедектігі бар адамды абилитациялауменоңалтудың жеке бағдарламасын қалыптастыру тәртібі туралы айтамыз.
Абилитациялау меноңалтудыңжеке бағдарламасы-бұлмүгедектігі бар адамның денсаулығының жай- күйін, функционалдық бұзылулардың сипатын, тыныс- тіршілігінің шектелуін және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті оңалту шараларын айқындайтын құжат .
Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу мүгедектігі бар адамның әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесуге, оның дербестігін, қажетті қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірге толыққанды қатысу үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Абилитациялау меноңалтудыңжеке бағдарламасыныңәлеуметтік бөлігі техникалық оңалту құралдарына, протездік-ортопедиялық көмекке, арнаулы жүріп-тұру құралдарына және басқа да әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындауды көздейді.
Абилитациялау меноңалтудыңжеке бағдарламасыныңкәсіптік бөлігі мүгедектігі бар адамның еңбек қызметі мен кәсіптік мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады. Мүгедектігі бар адамды ұтымды жұмысқа орналастыру , оқыту немесе қайта оқыту мақсатында әзірленеді.
Күндізгікуәландыру кезіндеабилитациялау меноңалтудыңжеке бағдарламасы өтінішберілген күні , ал сырттай проактивті куәландыру кезінде - медициналық құжаттар аумақтан тыс сарапшылардың қарауына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әзірленеді.
Аталғантәртіпті сақтау оңалтуға уақтылы қол жеткізуді және мүгедек адамды қоғамға табысты интеграциялауды қамтамасыз етеді .
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









