Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, мемлекет асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көздейді.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға тек Казахстан Республикасын азаматтар ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да құқылы.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға қайтыс болған асыраушысының асырауында тұрған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері құқылы:
- балалар, оның ішінде асырап алынғандар, егер күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқуды жалғастыратын болса, он сегіз жасқа толғанға дейін, оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады.
- әкесі, анасы (оның ішінде бала асырап алушылар), жұбайы, жолдасы, егер олар зейнеткерлік жасқа жеткен болса;
- ата-анасының бірі немесе жұбайы не атасы, әжесі, ағасы немесе әпкесі жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, егер ол сегіз жасқа толмаған қайтыс болған асыраушысының балаларын күтумен айналысса және жұмыс істемесе;
- атасы мен әжесі, егер олар зейнеткерлік жасқа жеткен болса, оларды ұстауға міндетті адамдар болмаған кезде, басқа күнкөріс көзі жоқболса.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөрісдеңгейініңшамасына қарай, есептеледі және отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты болады.
Жәрдемақы тағайындауға келесі жолдармен өтініш беруге болады:
Халыққа кызмет көрсету бөлімі арқылы;
Онлайн-электрондық үкімет порталы арқылы;
Egov порталынан SMS хабарлама арқылы проактивті форматта
егер барлық қажетті деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болса және сіз мобильді деректер базасында тіркелген болсаңыз
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









