Объектіні тексеру барысында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мынадай бағыттар бойынша тексеріледі:
1. Кіреберіс тобының қолжетімділігі: ғимаратқа кедергісіз кіруді және оның ішінде еркін қозғалуды қамтамасыз ететін сыртқы баспалдақтардың, пандустардың, кіреберіс алаңшаларының, кіретін және ішкі есіктердің, есік табалдырықтарының, баспалдақтардың және өзге де элементтердің болуы және олардың қолжетімділік талаптарына сәйкестігі.
2. Қызмет көрсету аймақтары мен ортақ пайдаланылатын орындардың қолжетімділігі: киім ілетін орынға, оқу кабинеттеріне, кітапханаға, компьютерлік сыныптарға, спорт залына және келушілер мен қызмет алушыларға арналған басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігі.
3. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың қолжетімділігі: әмбебап санитариялық кабинаның, қолжуғыштардың, ванналардың, душ кабиналарының, унитаздардың, раковиналардың, тұтқалардың, ілгектердің және шұғыл көмек шақыру түймелерінің болуы және олардың қолжетімділік талаптарына сәйкестігі.
4. Ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету: тактильді құралдардың, ақпараттық белгілер мен символдардың болуы және оларды пайдалану арқылы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
5. Мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындарының болуы: арнайы бөлінген және тиісті белгілермен белгіленген автотұрақ орындарының болуы, олардың объектінің кіреберісіне жақын орналасуы, сондай-ақ автотұрақтан ғимараттың кіреберіс тобына дейінгі қолжетімді маршруттың қамтамасыз етілуі.
Қолжетімділік талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, оларды жою және сәйкестік туралы декларацияны келісу жөніндегі өтінішпен қайта жүгіну қажет.
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан объектілерді тексеру
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Ербол Қарашөкеев Тараздағы қант зауытының және қызылша, жүгері жинау жұмыстарымен танысты
Жамбыл облысының әкімдігіАшу
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады
ҚР ЭТРМАшу
Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары кеңейтілуде: өңірдің үздік кәсіпкерлері марапатталды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: чех көзқарасы және екіжақты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Теректі ауданы әкімдігіАшу
""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары

ХҚКО мамандарын зейнетақы төлемдерін тағайындау және жерлеуге төлеу қағидаларындағы өзгерістер бойынша оқыту
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық тыңдауға қатысты.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Мемлекеттік қызметтен бас тарту тәртібі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі: оның мөлшері неге байланысты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу