Негізгі факторлардың бірі-зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі.
Бұл нені білдіреді және қандай кезеңдер ескеріледі
Еңбек өтілін айқындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген еңбек өтілі ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдер, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да кезеңдер ескеріледі.
Неге бұл маңызды
Өйткені - еңбек өтілінің ұзақтығы базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер етеді.
Ескерілетін қатысу өтілі көп болса, базалық зейнетақы мөлшері де жоғары болуы мүмкін.
Мысалы, екі адамның зейнеткерлікке шығу жасы бірдей болуы мүмкін, бірақ зейнетақы жүйесіндегі қатысу еңбек өтілі әртүрлі.Сондықтан олардың базалық зейнетақысының мөлшері әр түрлі болуы мүмкін.
Базалық зейнетақыны тағайындау кезінде міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген кезеңдер ескерілетінін түсіну маңызды.
Сондықтанзейнеткерлікке шығуды жоспарлағанда, оның еңбек өтілі мен зейнетақы аударымдары туралы мәліметтерді тексеру дұрыс.
Қатысу өтілі -Сіздің базалық зейнетақыңыздың мөлшеріне байланысты факторлардың бірі болып табылады.









