Алакөл ауданы әкімінің орынбасары әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай мерекелік қабылдау өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Төлеужанов Мәулен Төлеубекұлы әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Ол әлеуметтік сала мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау, қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға қамқорлық көрсету, отбасыларды қолдау және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы еңбектеріне тоқталды.
Мерекелік қабылдау барысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
#АлакөлАуданы #ӘлеуметтікСала








