Алакөл ауданында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

    1 / 2

    Алакөл ауданында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

    25 қазан – Республика күніне орай Алакөл ауданында мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды.

    Салтанатты жиында аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, Тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне тоқталды.

    Мереке аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және түрлі салалардың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Бірқатар азаматқа «Алакөл ауданының құрметті азаматы» атағы табысталып, еңбегімен ерекшеленген азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

    Шара соңы мерекелік концертке ұласып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерейлі мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары