Орал қаласында ауыр атлетикадан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыста 33 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен оралдық Парасат Амангелді жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Жас зілтемірші жұлқа көтеруде 38 келі, серпе көтеруде 45 келі көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 83 келі салмақ жинады.
Сонымен қатар Парасат екі жаттығу бойынша да екінші орынға ие болды.
Жас спортшыны жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз! 💐
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









