Орал қаласында аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің 13 өңірінен келген үздік спортшылар қатысып, ұлттық спорттың айтулы додасында өзара мықтыны анықтауда.
Биылғы чемпионатта Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, ШҚО, БҚО, Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Шымкент қаласы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Ақмола облыстарының спортшылары бақ сынауда.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов пен ҚР ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нүркен Байбөреев қатысты.
Қонақтар спортшыларға сәттілік тілеп, ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуге шақырды.
Қазақстан чемпионатында 9 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Ұлттық спорттың үздіктері бас қосқан дүбірлі додада Батыс Қазақстан облысының спортшыларына сәттілік тілейміз
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









