Жаңалық

    Жаңалық
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 344 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
    Түркістан облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту, балалардың құқықтарын қорғау және мектептерде қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
    Бүгінде баланың қауіпсіздігі тек мектеп ғимаратындағы бейнебақылау немесе күзет қызметімен шектелмейді. Ол – оқушының физикалық, психологиялық, әлеуметтік және цифрлық ортадағы қорғалуын қамтитын кешенді міндет.
    Өңірдегі терроризм тұрғысынан осал 1 344 білім беру ұйымының барлығы жедел басқару орталығына қосылған. Осылайша, аталған бағыттағы жұмыс 100 пайыз орындалған.
    Дегенмен қауіпсіздік жүйесінің тиімділігі тек техникалық құралдардың болуымен өлшенбейді. Күзет қызметінің дайындығы, ғимаратқа кіру-шығу тәртібі, жауапты мамандардың әрекет алгоритмі және дабыл жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі тұрақты бақылауда болуы қажет.
    Сонымен қатар балалар арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, ата-аналар, құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының өзара байланысы маңызды.
    2026 жылы қолға алынған «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы осы бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге біріктіруге арналған. Оның аясында мектептегі, отбасындағы, көшедегі, жазғы лагерьлердегі және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелерін тұрақты бақылау көзделген.
    Жаңа оқу жылында 5-7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8-11 сыныптарға «Заң және тәртіп» курстары енгізіледі. Сондай-ақ «Жеке қауіпсіздік» курсы арқылы балаларды түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету жоспарланған.
    Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана әрбір оқушы үшін сенімді әрі қолайлы орта қалыптастыруға болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары