Петропавл қаласының Заречный кентінде басқа өңірдің тұрғынынан 106 түйіншек «меф» тәркіленді

    Полицияның мәліметінше, Петропавлда есірткі таратушылар өздерінің заңсыз әрекеттері үшін бейнебақылау камералары аз орнатылған қаланың шет аймақтарын жиі таңдайды. Алайда полицейлердің оларды мұндай жерлерде де анықтауға мүмкіндік беретін әдістері жеткілікті. Соның бірі — жергілікті тұрғындармен байланыс орнату.

    Мәселен, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан Заречный кентінде ақпан айында 25 грамм α-PvP заты бар 34 жастағы петропавлдық, ал шілде айында 5 грамм «спайсы» бар 18 жастағы қыз ұсталды.

    Қазан айында тәртіп сақшылары кентте Ақмола облысының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту барысында одан 143 грамнан астам «мефедрон» салынған 106 түйіншек тәркіленді. Бұған дейін ер адам мүліктік қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бейнебақылау камераларының жоқтығы құқық бұзушылық жасауға негіз бола алмайтынын еске салады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды есірткі құқық бұзушылықтарының ықтимал фактілеріне бейжай қарамай, оларды фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп, полицияға хабарлауға шақырады.

    Бұл туралы «102» мобильді қосымшасы, «Halyk» және «Kaspi» банк қосымшаларындағы «Заң және тәртіп» сервисі арқылы немесе «102» арнасына қоңырау шалу арқылы хабарлауға болады. Қоғам мен полицияның белсенді өзара іс-қимылы — есірткінің таралуына қарсы күрестің маңызды құрамдас бөлігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары