Петропавлда полицейлер автосервис аумағын ретке келтіруді талап етті

    1 / 6

    Ескі дөңгелектер үйіндісі, істен шыққан көліктер, құрылыс қалдықтары мен қалың арамшөп. Петропавлдағы автосервистердің бірінің аумағы осындай күйде. Полицейлер 57 жастағы жалға алушыға абаттандыру қағидаларын бұзғанын түсіндіріп, іргелес аумақты ретке келтіру туралы нұсқама берді. Талап орындалмаған жағдайда жеті жұмыс күнінен кейін оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

    Полицейлер жылжымайтын мүлік иелері мен жалға алушылардың өз нысандарына іргелес аумақтың тазалығы мен тәртібіне жауапты екенін еске салады. Бұл талап жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне де қатысты.

    Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 13 777 дерегі анықталды. Негізгі шара – ескерту. Ал бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл салынуы мүмкін.

    Полицейлер абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында тұрақты түрде жүргізіп келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары