Бірнеше минутта бес құқық бұзушылық: Петропавлда полицейлер қудалаудан кейін жүргізушіні ұстады

    1 / 4

    Петропавлдың шетінде полицейлерге жол ережесін бұзған жүргізушіні қууға тура келді. Патрульдік полиция қызметкерлері Ухабов көшесінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз келе жатқан «ВАЗ» автокөлігін байқаған.

    Полицейлердің көлікті тоқтату туралы талабына жүргізуші бағынбай, жылдамдығын арттырып, қашуға тырысқан. Бірнеше минуттың ішінде ол жолда апатты жағдай туғызып, тротуармен жүрген, жаяу жүргіншіге жол бермеген және бұрылу кезінде тиісті белгі бермей, маневр жасау қағидаларын бұзған.

    Қудалау гараждар аумағында аяқталды. Полицейлер жүргізушіні қуып жетіп, ұстады. Ол Түркістан облысынан жұмыс істеу үшін Петропавлға келген 21 жастағы азамат болып шықты. Ер адам көлікті жуудан алғаннан кейін мемлекеттік нөмірлік белгілерді тағып үлгермегенін түсіндірген.

    Құқық бұзушыға қатысты жалпы сомасы 60 айлық есептік көрсеткіш болатын әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал көлікті тоқтату туралы полиция талабына бағынбағаны үшін әкімшілік сот оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

    Полицейлер қауіпті маневрлердің, соның ішінде дрифт жасаудың жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіретінін ескертеді. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол қауіпсіздігін нығайту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары