Астанада үйлерге газ бен түтінді анықтайтын датчиктер орнатылып жатыр

    1 / 3

    Астананың барлық алты ауданында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Мамандар үйлерді аралап, жылыту жүйелері мен электр сымдарының жай-күйін тексеруде, газ бен түтінді анықтайтын датчиктер орнатып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ербағлан Полатов жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Оның айтуынша, елордада 25 мыңға жуық жеке тұрғын үй бар. ТЖД есебінде әлеуметтік осал санатқа жататын 695 отбасы тіркелген.

    Бұл санаттағы барлық үйді аралау жұмысы толық қамтылды. 235 үйге иіс газы мен табиғи газ датчиктері, сондай-ақ түтін хабарлағыштары орнатылды. 43 үйдің мұржасы тазартылды. Сонымен қатар мамандар жылыту жүйелері мен электр сымдарының жай-күйін тексеріп, бұрын орнатылған автономды өрт хабарлағыштарының қуат элементтерін ауыстырды.

    «Жыл басынан бері департамент есебінде барак үлгісіндегі 860 үй мен жатақхана да бар. 15 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдар, АРЭК, «ҚазахГаз Аймақ» өкілдері мен волонтерлердің қатысуымен күнделікті профилактикалық аралау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жылыту маусымы аясында 500-ге жуық қызметкердің қатысуымен екі ауқымды рейд ұйымдастырылды. Жалпы профилактикалық жұмыстар 4 191 үйді қамтыды. Тұрғындарды қамту көрсеткіші 20 мың адамнан асты», – дейді спикер.

    Астана қаласының ТЖД тұрғындарды үйлерін қысқы кезеңге дайындауға жауапкершілікпен қарап, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтауға шақырады:
    • жылыту маусымы басталғанға дейін жылыту құрылғылары мен мұржалардың жарамдылығын тексеру;
    • мұржаларды күйеден үнемі тазалап отыру;
    • электр құрылғылары мен пештерді қосулы күйде қараусыз қалдырмау;
    • қолдан жасалған немесе ақауы бар жылыту құрылғыларын пайдаланбау;
    • бір розеткаға бірнеше қуатты электр құрылғысын қатар қоспай, электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеу.
    «Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударып, оларды қараусыз қалдырмау қажет. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керек. Елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Балалардың қауіпсіздігі мен әр үйдің жылуы – ортақ жауапкершілік», – деп ескертті государственный орган өкілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары