Астанада әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

    1 / 7

    Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шара барысында әлеуметтік қорғау саласының үздік мамандары мен ардагерлеріне ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табысталды.

    «Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні дәстүрлі түрде қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бүгінгі рәсім мұқтаж жандарға – қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін мамандардың еңбегіне құрмет көрсету болып саналады. Қазір елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын шамамен 270 мың азамат тұрады. Былтыр осы санаттағы тұрғындарға 400 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеттік. Астанада әлеуметтік қорғау саласында 2 270-тен астам адам, оның ішінде 434 әлеуметтік қызметкер еңбек етеді.

    Әлеуметтік қорғау саласына қала әкімдігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше көңіл бөледі», – деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан Жүсіпов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары