«Таза Қазақстан»: Астанада ағаш отырғызу науқаны өтті

    1 / 8

    Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ағаш отырғызу науқаны өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Аталған акцияға табиғат жанашырлары, қоғамдық қор өкілдері, орталық мүшелері және т.б. қатысты.
    Іс-шараны ұйымдастырушылар ағаш отырғызу процесінің тұрақты жүргізілуі, өз кезегінде қаланың гүлденіп, көгалдануына, экологиялық ахуалдың жақсаруына септесіп, соның арқасында «Таза Қазақстанды» қалыптастыруға негіз болады деп санайды.

    «Жуырда ғана Халықаралық экологиялық конференция өтті. Әлемнің әр елінен экологтар, ғалымдар келіп бас қосты. Осы саланың білгір мамандары өз тәжрибесі жайлы ой бөлісті. Соның нәтижесі ретінде 100-ге жуық көшет отырғызылды. Күзде, көктемде ағаш отырғызу үдерісі қарқынды жалғаса береді. Басты мақсат – экологиялық жағдайдың жақсаруына үлес қосу», – деді «Тұрақты даму жер қоры» төрағасының орынбасары Нұрдәулет Мұхтарбек.

    #ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары