1 / 7
Қобда ауданындағы «Үміт» отбасын қолдау орталығы жаңа ғимаратқа қоныстанып, жұмысын бастады.
Орталықтың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Мұнда аудан тұрғындарына әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп, қажетті консультациялар беріледі. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасылармен жеке жұмыс жүргізіліп, олардың мәселелерін шешуге бағытталған кешенді қолдау шаралары ұйымдастырылады.
Жаңа ғимарат орталық мамандарының жұмысын тиімді ұйымдастыруға, тұрғындарға қолайлы жағдайда сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.









