Ақтөбе облысында ауыл мектептері оқушыларының білім додасы басталды

    1 / 7

    Ақтөбе облысында ауыл мектептерінің 9–11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде. Білім додасы 27–31 қазан аралығында өңір аудандарында ұйымдастырылуда.

    Олимпиадаға облыстың әр ауданынан 1 096 оқушының қатысуы жоспарланған. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша білімдерін сынап, өздерінің зияткерлік әлеуеті мен аналитикалық қабілеттерін көрсетеді.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының білімін тереңдетуге ынталандыру, дарынды балаларды анықтау және олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, білім додасы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жол ашады.

    Облыстық кезең қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары