Астанада вандализмнің кез келген әрекетіне қарсы жүйелі күрес жүріп жатыр. Елорданың Алматы ауданында полиция қызметкерлері кезекті құқық бұзушыларды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданы Полиция басқармасының №6 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 18 және 19 жастағы екі жас жігіт анықтап, ұстады.
Олардың жеке басы бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен табылды.
Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 434-2-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Олар уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.
Жиналған материалдар одан әрі қарау және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға, тәртіп пен тазалықты сақтауға және айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Кез келген адам қаланың жайлылығы мен тазалығына үлес қоса алады.
Аялдама павильондары, қоғамдық кеңістіктер мен қалалық инфрақұрылымның өзге де нысандары тұрғындардың игілігі мен қолайлылығы үшін жасалған. Олардың сақталуы әр адамның саналы көзқарасына байланысты.
Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыс құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы уақытта да жалғаса береді.









