2026 жылдың 29-30 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысы өтті. Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова төрағалық етті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов та қатысты.
Отырыста сондай-ақ Алқа мүшелері, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары, министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, штаттан тыс бас мамандар, сондай-ақ өңірлік онкологиялық орталықтардың басшылары болды.
Отырыс барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру және саланың басым бағыттарын іске асыру тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Министрлік Алқасының шешімдерінде бекітілген тапсырмалардың орындалуына кешенді талдау ұсынды.
Талқылау аясында өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Алқа шешімдерінің орындалуы және 2026 жылға арналған денсаулық сақтау саласындағы белгіленген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің отырысқа қатысуы саланың өзекті күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту бағыттарын қарастыру жұмыстарының бір бөлігі болды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алқа мүшелері пікір алмасып, қаралған мәселелер бойынша қорытынды жасалды және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарын іске асыру жөніндегі алдағы міндеттер айқындалды.







