Зайсан ауданында педагогтер арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Фестиваль мұғалімдердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды. Қатысушылар білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдіруге арналған авторлық идеяларын, әдістемелік ізденістері мен тәжірибеде қолданған тиімді тәсілдерін ұсынды. Байқау барысында білім беру ұйымдарын басқару, пәндерді оқыту, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру, тәрбие жұмысы мен психологиялық қолдау бағыттарындағы жобалар таныстырылды. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды белгіленген өлшемшарттар бойынша бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Әр бағыт бойынша үздік нәтиже көрсеткен бір педагог облыстық кезеңге ұсынылды. Барлық қатысушыларға шығармашылық ізденістері мен кәсіби белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Педагогикалық идеялар фестивалі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 9
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу

