Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 8
Бүгін, 30 қазанда Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінде 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Білім бәйгесінде жас зерттеушілер өздерінің ғылыми ізденістерін, тың идеялары мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қазылар алқасының алдында жобаларын қорғады.
Конкурс барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары, ғылыми тұжырым жасай білуі, өз жұмыстарының мазмұнын меңгеруі және нәтижелерін дәлелді түрде ұсыну қабілеттері сараланды.
Жас ғалымдарға ізденіс жолында табандылық, шығармашылық шабыт және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!






