2026 жылғы 10 қазанда Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінің, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің және Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің базасында 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Зияткерлік сайыс 2 бағыт пен 12 секция бойынша ұйымдастырылып, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін және жаңашыл идеяларын танытуға мүмкіндік берді.
Байқауға бастауыш буыннан 92 оқушы қатысып, 84 жоба қорғады. Ал орта буыннан 113 оқушы қатысып, 101 жоба таныстырды.
Конкурс аясында оқушылар математика және қолданбалы математика, физика, ғарыш және жер туралы ғылымдар, информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия, туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі, химия және биология, экология, адам денсаулығы және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация, тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық, этномәдениеттану және мәдени мұра, технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар бағыттары бойынша өз жобаларын қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 45 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
Жас зерттеушілерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік, тың идеялар, сенімді қадамдар мен жоғары нәтиже тілейміз!
Жас ізденімпаздардың ғылыми жетістіктері арта берсін!
#Зерде #ЖасЗерттеушілер #ҒылымиЖоба #Білім #ДарындыБалалар




