Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті

    Жалпы ақпарат

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, құзыреті шегінде реттеу, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру саласында басшылықты және оны іске асыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ: ЛИЦЕНЗИЯНЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ МЕН БЕРУ МЕРЗІМДЕРІ

    «Фармация қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш беруі қажет. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының фармациялық қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды еркін нысанда жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын жері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне келісу үшін сұрау салу жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші 13 (он үш) жұмыс күні ішінде өтініш пен мәліметтерді Біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсаттық бақылау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді және береді. Фармациялық қызметпен айналысу құқығына лицензия бергені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде лицензиялық алым алынады. Лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензия берген кезде белгіленген мөлшерлеменің 10 %-ы мөлшерінде алым алынады. Өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Фармациялық қызметтің мәлімделген кіші түріне байланысты мыналар бағаланады: үй-жайдың немесе ғимараттың заңды негізде болуы; өндірістік базаның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі; қажетті жабдықтардың, жиһаздың, мүкәммалдың және өзге де құралдардың болуы; тиісті фармацевтикалық білімі бар мамандардың болуы; қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің белгіленген талаптарға сәйкестігі; белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтердің болуы. Атап айтқанда, дәріхана қоймасының қызметін жүзеге асыру үшін басшының жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Талаптар, оның ішінде: объектіні орналастыруға және жайластыруға; үй-жайлардың құрамы мен алаңдарына; үй-жайлардың ішкі әрленуіне; сумен жабдықтауға және кәрізге; жарықтандыруға, желдетуге және микроклиматқа; үй-жайларды жабдықтауға және күтіп-ұстауға; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау жағдайларына; қызметкерлерді санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қолданылады. Мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі, ал оның нәтижесі өтініш берушінің «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    2 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті хабарлайды

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметттерді цифрландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құқығына сәйкес дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін жетілдіру және « ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды сараптау» ақпараттық жүйесінде электронды құжат айналымына көшу ( «Жалпы процесс № 26» бөлімі ) шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Комитет тіркеу куәліктеріне автоматтандырылған қол қою функционалы жүзеге асырылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе арқылы келесі рәсімдер бойынша құжаттарды электрондық форматта қабылдау жүзеге асырылады: тіркеу дерекнамасын ЕАЭО (CK) құқығы талаптарына сәйкес келтіру; ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу. Ақпараттық жүйенің тиісті функционалын жүзеге асыру аяқталғанға дейін тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және дәрілік заттарды қайта тіркеу рәсімдері қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы жүзеге асырыла берді. Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктері дамыған сайын электрондық форматта қол жетімді тіркеу рәсімдерінің тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілетініне назар аударамыз. Қалаған рәсімдерді электрондық құжат айналымына ауыстыру туралы өтініш берушілерге қосымша хабарланатын болады. Ақпараттық жүйені енгізу өтініш берушілер, сараптама ұйымы және уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай электрондық форматын қамтамасыз етеді, тіркеу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, құжаттармен алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз жеткізгіштерді пайдалануды барынша азайтуға, сондай-ақ тіркеу процесінің барлық кезеңдерінде құжаттардың сенімді сақталуына және қадағалануына ықпал етеді. Ақпараттық жүйенің порталы мына мекенжай бойынша қол жетімді: https://op26.ndda.kz . Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

    17 қазан 2026 ж.Тікелей
    Тізілім

    Қазақстан Республикасында жариялауға жататын уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер тізімі

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы

    № 34-НҚ 09.11.2026 Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Serum Institute of India Pvt. Ltd.» (Үндістан) өндірушісінің «SII-ОНКО-БЦЖ, құыққа, құық ішіне енгізу үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 40 мг», № ҚР-ДЗ-5№026669 дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Бақылау және қадағалау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін. 3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды; 3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов Бұйрық 34 НҚ .docx

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ

    мемлекеттік сатып алулар туралы.pdf

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын «Dari.kz» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады

    «Dari.kz» мобильді қосымшасы дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын бақылауға арналған. Аталған қосымшаны пайдалану дәрілік заттардың қолжетімділігі мен баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. «Dari.kz» қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Ол үшін: 1)тауар чегінің және дәрілік заттың қаптамасының фотосын жүктеу; 2)аумақтық деңгейдегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтінішті жолдау жеткілікті. Сонымен қатар, «Dari.kz» қосымшасы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді, бұл медициналық препараттардың сапасын бақылауды жақсартуға ықпал етеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін мынадай айыппұлдар қарастырылған: - жеке тұлғаларға – 70 АЕК; - лауазымды тұлғаларға – 100 АЕК; - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130 АЕК; - орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК; - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ФАРМАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ ТУРАЛЫ

    «Фармация қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетеді.Мемлекеттік қызмет көрсету:Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары);Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш беруі қажет.Өтініш беруші Қазақстан Республикасының фармациялық қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды еркін нысанда жібереді.Көрсетілетін қызметті алушының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын жері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне келісу үшін сұрау салу жібереді.Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші 13 (он үш) жұмыс күні ішінде өтініш пен мәліметтерді Біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсаттық бақылау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді және береді.Фармациялық қызметпен айналысу құқығына лицензия бергені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде лицензиялық алым алынады.Лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензия берген кезде белгіленген мөлшерлеменің 10 %-ы мөлшерінде алым алынады.Өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.Фармациялық қызметтің мәлімделген кіші түріне байланысты мыналар бағаланады: үй-жайдың немесе ғимараттың заңды негізде болуы; өндірістік базаның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі; қажетті жабдықтардың, жиһаздың, мүкәммалдың және өзге де құралдардың болуы; тиісті фармацевтикалық білімі бар мамандардың болуы; қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің белгіленген талаптарға сәйкестігі; белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтердің болуы.Атап айтқанда, дәріхана қоймасының қызметін жүзеге асыру үшін басшының жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет.Фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.Талаптар, оның ішінде: объектіні орналастыруға және жайластыруға; үй-жайлардың құрамы мен алаңдарына; үй-жайлардың ішкі әрленуіне; сумен жабдықтауға және кәрізге; жарықтандыруға, желдетуге және микроклиматқа; үй-жайларды жабдықтауға және күтіп-ұстауға; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау жағдайларына; қызметкерлерді санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қолданылады.Мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі, ал оның нәтижесі өтініш берушінің «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    Жарияланды:
    Тізілім

    2026 жылғы 2 қарашадағы сертификат иелерінің тізілімі

    Жарияланды: