ҚР ДСМ Фармация комитетінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

    1 / 4

    Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде Вице-министр Нұрлыбек Асылбековтің төрағалығымен маңызды жұмыс отырысы өтті.

    Отырысқа Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов, оның орынбасарлары Жандос Әділхан мен Гаухар Үшкемпірова, басқарма басшылары, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС өкілдері, дәрілік заттарды өндіруші және тасымалдаушы компаниялардың өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында халықты дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту, дәрілік препараттарды жеткізу және тасымалдау жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жеткізу тізбегіндегі өзекті мәселелерді шешу және мемлекеттік органдар мен фармацевтикалық нарық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне назар аударылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу, халықты қажетті дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз ету және саладағы жұмыстың тиімділігін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті" жаңалықтары