Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын «Dari.kz» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті

    «Dari.kz» мобильді қосымшасы дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларын бақылауға арналған. Аталған қосымшаны пайдалану дәрілік заттардың қолжетімділігі мен баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. «Dari.kz» қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Ол үшін:

    1)тауар чегінің және дәрілік заттың қаптамасының фотосын жүктеу;

    2)аумақтық деңгейдегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтінішті жолдау жеткілікті.

    Сонымен қатар, «Dari.kz» қосымшасы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді, бұл медициналық препараттардың сапасын бақылауды жақсартуға ықпал етеді.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін мынадай айыппұлдар қарастырылған:

    - жеке тұлғаларға – 70 АЕК;

    - лауазымды тұлғаларға – 100 АЕК;

    - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130 АЕК;

    - орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК;

    - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК.

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Тізілім

    Қазақстан Республикасында жариялауға жататын уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер тізімі

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Бұйрық

    Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы

    № 34-НҚ 09.11.2026 Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы 1-тармағының...

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ

    мемлекеттік сатып алулар туралы.pdf

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    ФАРМАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ ТУРАЛЫ

    «Фармация қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» ақпараттық ж...

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Тізілім

    2026 жылғы 2 қарашадағы сертификат иелерінің тізілімі

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Бұйрық

    Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі

    Фармация комитетіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы қарашаға арналған тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне объектілерді инспекциялау кестесі

    Фармация комитетіЖарияланды: