Фармация комитетінің төрағасы Халықаралық конгресске қатысты

    1 / 4

    2026 жылғы 12-13 қарашада Астана қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, сегіз елден келген 95 шетелдік маман мен сарапшының қатысуымен «Қоғам денсаулығы және цифрлық кеңістіктегі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тиімділігі» атты халықаралық конгресс өтті.

    Конгресс барысында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, медицина кадрларын даярлау және денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов қатысты. Ол бесінші секция аясында «Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында өткен талқылауға қатысып, «Амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

    Секция барысында халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және пациенттерді қажетті дәрілік заттармен қамту мәселелері талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті" жаңалықтары