АСТАНАДА 23 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТКЕР БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРАДЫ
Астанада 23 мыңнан астам зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына тіркелген. Мұнда аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтуына, жаңа білім алып, шығармашылықпен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған. Орталықтың алты аудандық бөлімшесіне күн сайын 2,5 мыңнан астам адам келеді.
Орталықтың негізгі мақсаты қарт адамдардың белсенді өмір сүруіне қолдау көрсету, өмір сапасын жақсарту, қоғаммен араласып, өз қабілетін дамытуына мүмкіндік жасау.
Қазір орталықта 20 бағыт бойынша тұрақты үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Сонымен қатар қызығушылықтарына қарай 30-дан астам клуб бар. Зейнеткерлердің барлығы бұл сабақтарға тегін қатыса алады.
2026 жылдың басынан бері орталыққа тағы 4 367 зейнеткер тіркеліп, қызмет ала бастаған. Тіркелген азаматтардың 13 367-сі – 70 жасқа дейінгі, 8 719-ы – 70 пен 80 жас аралығындағы адамдар. Ал 80 жастан асқан зейнеткерлер саны – 975.
Орталықта егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға және эмоционалдық жағдайын жақсартуға айрықша мән беріледі. Осы мақсатта спорттық-сауықтыру сабақтары ұйымдастырылған. Сондай-ақ эмоциялық күйзелістен арылуға арналған сенсорлық бөлме, физиотерапия және релаксация кабинеттері бар. Зейнеткерлер цигун, кунг-фу, би, волейбол және үстел теннисімен де айналыса алады.
Жаңа білім мен дағды үйренгісі келетіндерге компьютерлік сауаттылық және шет тілдері курстары ұсынылады. Бұдан бөлек, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған сабақтар да өткізіледі. Бұл аға буын өкілдеріне заманауи технологияларды сенімді пайдалануға және күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.
Шығармашылықпен айналысуға да мол мүмкіндік қарастырылған. Зейнеткерлер кітап оқу, поэзия, хор және вокал клубтарына қатыса алады. Домбыра мен гитарада ойнауды үйреніп, домбырашылар оркестріне қосылуға, сондай-ақ қолөнер, кілем тоқу, тігін тігу және басқа да шығармашылық бағыттарды меңгеруге болады.
Орталықта «Зияткерлік ойындар», «Күміс волонтерлер», «Тіл шаңырағы», «Әжелер 80+», «Киім үлгілерін көрсету» және басқа да клубтар жұмыс істейді.
АСТАНАДА 23 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТКЕР БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРАДЫ
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 6
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
""Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і" жаңалықтары

Қазақстанда атаулы әлеуметтік қолдау тетіктері жетілдіріледі
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен танысты.
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ ОРТЕЗ ЖАСАТУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРЕДІ
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ ШЕШІМДЕРДІҢ БІР БӨЛІГІНЕ АЙНАЛУДА
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
Сәйкестік декларациясын келісу және объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу