"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і·Жаңалықтар мұрағаты
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ ОРТЕЗ ЖАСАТУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРЕДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке протездік-ортопедиялық көмекке қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Алматыдағы Министрлікке қарасты Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының базасында жеке ортездерді жобалау және жасау зертханасы жұмыс істейді. Жоба аясында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда балаларға ортездер тегін дайындалады. Бұл көмекті алу шарттары туралы Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары ақпарат ала алады.
Ортез – дененің белгілі бір бөлігін ұстап тұруға, бекітуге немесе дұрыс қалыпқа келтіруге арналған ортопедиялық бұйым.









