АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ ШЕШІМДЕРДІҢ БІР БӨЛІГІНЕ АЙНАЛУДА
Алматыда ғылыми әзірлемелерді, жасанды интеллектіні, көмекші және цифрлық технологияларды әлеуметтік қорғау мен оңалту саласында қолдану арқылы қызмет сапасын қалай арттыруға болатыны талқыланды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесін халыққа пайдасы тиетін нақты шешімдерге айналдыру мәселесі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі инновациялар, ғылым және пәнаралық әріптестік: зерттеуден тәжірибеге дейін» атты халықаралық қатысуымен өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның негізгі тақырыбына айналды.
Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Конференцияға жергілікті атқарушы органдардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ Даму бағдарламасы мен ЮНИСЕФ-тің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бейнебайланыс арқылы конференцияға қатысып, ғылыми зерттеулерді азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шешімдерге айналдыру маңызды екенін атап өтті.
«Ғылым тек зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар аясында қалып қоймауы керек. Оның әлеуметтік қорғау саласындағы басты құндылығы – ғылыми білімді адамдардың өмірін жақсартатын нақты шешімдерге айналдыру мүмкіндігі», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.
Қатысушылар заманауи зерттеулерді адамның жеке қажеттіліктерін бағалауға, оңалту құралдарын дұрыс таңдауға, балалар мен олардың отбасыларына үздіксіз қолдау көрсетуге, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолдау жүйесінің тиімділігін арттыруға қалай қолдануға болатынын айтты.
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ ШЕШІМДЕРДІҢ БІР БӨЛІГІНЕ АЙНАЛУДА
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 5
Ұқсас материалдар

«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ» ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ
«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММАшу
«Мансап компасы» – мамандық таңдауға және кәсіби жолды жоспарлауға көмектесетін платформа
«Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті»Ашу
Қостанайда коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді
Қостанай қаласының әкімдігіАшу
САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КҮЗГІ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ» ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ
Шахтинск қаласының әкімдігіАшу
""Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і" жаңалықтары

Сәйкестік декларациясын келісу және объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР 913 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕС БҰРЫН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-іАшу