Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі
📌Құрылтай отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутат Наталья Рамазанованың Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру тетігі туралы қойған сауалына жауап бере отырып, отбасы санатын (А, В, С, D және Е) айқындау кезінде бүкіл отбасы мен үй шаруашылығына қатысты деректер жиынтығы негізге алынатынын атап өтті.
«Мұнда жалақы немесе мүлік сияқты тек бір фактор ескерілмейді. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік дерекқорлардан үй шаруашылығы туралы сегіз негізгі бағыт бойынша 50-ден астам көрсеткішке қатысты мәлімет жинайды. Олардың қатарында жұмыспен қамту, кірістер, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, несиелік жүктеме, білім беру және басқа да мәліметтер бар. Үй шаруашылығының материалдық және әлеуметтік жағдайы туралы жалпы мәліметтер негізінде оның санаты айқындалады»,
— деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.









