"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і

    Жалпы ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменті болып табылады.

    Департаменттің міндеттеріне - зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін тағайындау, мүгедектікті белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және қажетті оңалту шараларын әзірлеу, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша әдістемелік-техникалық оқыту өткізілді.

    2026 жылғы 27 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы К.Б. Қалиева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша әдістемелік-техникалық оқыту өткізді. Әдістемелік-техникалық оқыту барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алатын бас тартуларға байланысты мәселелер талқыланды.

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық емханалардың ДКК төрағаларымен кеңес

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 3 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес 19.05.26ж. МӘС және әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Д.Амангалиеваның төрағалығымен аудандық емханалардың ДКК төрағаларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн жиын өткізілді. Кездесу барысында сырттай проактивті куәландыру үлесіне қол жеткізу және науқастарды МӘСке жолдау барысында кездесетін кемшіліктер талқыланды.

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жарияланымдарды талдау

    Жарияланды:
    Баяндама

    2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі талдамалық ақпарат

    2026 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 368 мың іс-шара немесе қажетті (496 мың) санының 74,4%-ы іске асырылды. Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) 84% (13,3 мың қажет етушілерден 11,2 мың қамтамасыз етілген), протездік-ортопедиялық көмекпен 61,3% (69,3 мың қажет етушілерден 42,4 мың қамтамасыз етілген), сурдотехникалық құралдармен 77,6% (10,4 мың қажет етушілерден 8,1 мың қамтамасыз етілген), тифло-техникалық құралдармен 76,7% (21,4 мың қажет етушілерден 16,4 мың қамтамасыз етілген), санаторий-курорттық емдеумен 52,1% (147,8 мың қажет етушілерден 76,8 мың қамтамасыз етілген), жеке көмекші қызметімен 97,7% (26,6 мың қажет етушілерден 25,9 қамтамасыз етілген) ымдау тілі қызметімен 94,5% (8,8 мың қажет етушілерден 8,3 мың қамтамасыз етілген), міндетті гигиеналық құралдармен 90,5% (179,3 қажет етушілерден 198,3 мың қамтамасыз етілген).

    Жарияланды:
    Ереже

    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32659 болып тіркелді.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32571 болып тіркелді.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдар

    нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21443 болып тіркелді.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32993 болып тіркелді.

    Жарияланды: