Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жарияланымдарды талдау

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і

    Жүктеу
    4664f3d91051a0f90a892848c3c650f6739ec5acdf46f270bcf0a90b9c3c6ce6_original.40300.docx
    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы. Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 07 тамызындағы №86 «Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025ж. және 2026 жылғы I-III тоқсан аралығында жүргізілді. 2024жылы Департаментке сыртқы талдау жүргізілгендіктен, ішкі талдау жүргізілмеді. Ішкі талдау барысында Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімдерінің 2025 жылғы 1 қаңтарынан 2026 жылғы I-III- тоқсан аралығы қамтылды. Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді. Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы: Жұмыс тобының төрағасы – А. Бекқалиева. Жұмыс тобының хатшысы – З. Төлегенова. БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ. Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі өз құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 2025 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 72 тексеру жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 15; жоспардан тыс тексеру – 57. Профилактикалық бақылау нәтижесінде 15 нұсқама беріліп, олардың барлығы орындалды. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 30 нұсқама беріліп, оның 23-і орындалды. 7 нұсқама бойынша материалдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы бойынша сотқа жолданды. 37 объектіге қатысты ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, жалпы сомасы 8 168 730 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру барысында келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. 2026 жылдың 9 айында бөлімімен 35 тексеру жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 27; жоспардан тыс тексеру – 8. Профилактикалық бақылау нәтижесінде 27 нұсқама беріліп, оның 15-сі жұмыс үстінде. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 8 нұсқама беріліп, оның барлығы орындалды. 2 нұсқама бойынша материалдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы бойынша сотқа жолданды. 8 объектіге қатысты ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, жалпы сомасы 1 511 587 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру барысында келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. 1. Нұсқамаларды орындау мерзімдерін белгілеудің бірыңғай әдістемесінің болмауы ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 7-тармағына сәйкес анықталған. бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімі нақты мән-жайларды ескере отырып айқындалады. Сонымен бірге, аталған мерзімдерді есептеудің бірыңғай әдістемесі немесе нақты критерийлері заңнамада айқындалмаған. Осының салдарынан нұсқамаларды орындау мерзімдері инспектордың субъективті бағалауына қарай белгіленеді, бұл әртүрлі тәсілдердің қолданылуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайды. Ұсыныс: нұсқамаларды орындау мерзімдерін белгілеудің бірыңғай тәртібін немесе әдістемесін нормативтік деңгейде бекіту. 2. Әкімшілік жауаптылыққа тартылатын субъектіні таңдаудағы дискрециялық өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес бақылау органы анықталған бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Сонымен бірге, қалыптасқан сот практикасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне байланысты барлық шараларды қабылдаған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Осының нәтижесінде инспектор әкімшілік жауаптылыққа мемлекеттік мекемені немесе оның лауазымды тұлғасын тарту мәселесін өз қалауы бойынша шешуге мүмкіндік алады. Бұл жағдай мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді. Ұсыныс: әкімшілік жауаптылыққа тартылатын субъектіні айқындаудың бірыңғай өлшемшарттарын заңнамалық деңгейде бекіту. 3. Мемлекеттік бақылау кезінде қолданылатын ұлттық стандарттарды пайдаланудың нақты тәртібінің болмауы Мемлекеттік бақылауды жүргізу барысында объектілердің қолжетімділігі Қазақстан Республикасының СП РК 3.06-101-2012 құрылыс қағидалары негізінде бағаланады. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес құрылыс қағидалары ерікті түрде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарға жатады. Бұл мемлекеттік бақылау барысында қандай нормативтік құжаттарды қолдану қажеттігін әртүрлі түсіндіруге мүмкіндік береді және инспектордың дискрециялық өкілеттіктерін кеңейтеді. Ұсыныс: мемлекеттік бақылау кезінде қолданылатын міндетті ұлттық стандарттардың нақты тізбесін нормативтік деңгейде бекіту. 4. Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген объектілерге постбақылау жүргізудің құқықтық тәртібінің болмауы Қазіргі уақытта Департамент жергілікті атқарушы органдар Интерактивті қолжетімділік картасына енгізген объектілердің бейімделу сапасына постбақылау жүргізеді. Алайда қолданыстағы заңнамада постбақылауды жүргізудің құқықтық негіздері мен тәртібі көзделмеген. Соның салдарынан постбақылау жүргізілетін объектілерді айқындау кезінде бірыңғай рәсім болмай, таңдаулы тәсілдің қолданылуына мүмкіндік туындайды. Ұсыныс: постбақылауды жүргізудің құқықтық тәртібін Әлеуметтік кодексте немесе өзге нормативтік құқықтық актілерде бекіту. Департаменттің жұмыс тобы Департамент бөлімдерінің өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерге талдау жүргізді. Талдау барысында бөлімдер туралы ережелер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары зерделенді. Дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал етуі мүмкін ережелерге жүргізілген талдау нәтижесінде мұндай тәуекелдер анықталған жоқ. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 2025 жылы Департаментке барлығы мемлекеттік қызмет көрсету туралы 40531 өтініш келіп түсті, оның ішінде 39295 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Мемлекеттік корпорация арқылы – 22845; «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 927; азаматтардың өтінішінсіз проактивті тәртіпте – 16158; медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы (композиттік қызмет) – 604; Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшалары арқылы – 4351. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 2314, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы – 101; «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 143; проактивті тәртіпте – 22; Бас тарту себептері: Бас тартулардың негізгі бөлігі мемлекеттік кепілдік төлемін тағайындауға қатысты болды, себебі бұл төлем әрбір алушы үшін жеке есептеледі – 2047 жағдай. Сонымен қатар: құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған – 16; өтініш берушінің зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілі жеткіліксіз – 2. 2025 жылы барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімдер сақтала отырып көрсетілді. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 2026 жылдың 9 айына Департаментке барлығы 21368 мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш келіп түсті, оның ішінде 21 227 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Мемлекеттік корпорация арқылы – 18413; «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 326; азаматтардың өтінішінсіз проактивті тәртіпте – 7 197; медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы (композиттік қызмет) – 723 Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшалары арқылы – 2 935. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 863, Бас тарту себептері: Бас тартулардың негізгі бөлігі мемлекеттік кепілдік төлемін тағайындауға қатысты болды, себебі бұл төлем әрбір алушы үшін жеке есептеледі – 722 жағдай. Сонымен қатар: құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған – 134; өтініш берушінің зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілі жеткіліксіз – 7. 2026 жылдың 9 айына барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімдер сақтала отырып көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралыКонец формы Ішкі талдау барысында МӘС бөлімдерінің қызметі, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу рәсімдері, сараптамалық шешімдердің қабылдануы, құжаттарды қарау және ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің енгізілуі зерделенді. МӘС саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Талдау барысында келесі бағыттарға ерекше назар аударылды: 1. Мүгедектікті белгілеу кезінде сараптамалық шешім қабылдаудың объективтілігі мен ашықтығы. 2. Азаматтың мүгедектік тобын, мерзімін және мүгедектіктің себебін белгілеу кезінде субъективті факторлардың орын алу мүмкіндігі. 3. Медициналық ұйымдардан келіп түскен құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру кезінде қызметтік өкілеттіктерді тиісінше пайдаланбау тәуекелі. 4. Сараптамалық қорытындыны дайындау және қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі. 5. МӘС шешімдерін ақпараттық жүйеге енгізу кезінде мәліметтердің толық әрі дұрыс енгізілмеуі немесе шешімді негізсіз өзгерту тәуекелі. 6. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау кезінде қызметтік жағдайды жеке мүддеге пайдалану тәуекелі. 7. МӘС қорытындысына шағымдану және қайта куәландыру рәсімдері кезінде шешімдердің объективтілігі мен заңдылығын қамтамасыз ету. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау және азаматтарға ақпарат беру кезінде әкімшілік кедергілер жасау тәуекелі. 9. МӘС жүргізу бөлімдерінде аудио-видео жазбалар жүргізіледі және жазбалар төрт ай сақталады. 10. 2025 жылы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 11790. Барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімдер сақтала отырып көрсетілді. МӘС -ның қорытындысы бөлім қызметкерлерімен алқалы түрде қабылданады. Сараптамалық отырыстар аудиобейнежазба құралдары арқылы тіркеледі, жазбалар төрт ай сақталады. Мемлекеттік қызмет уақытылы, сапалы, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. 11. 2025 жыл бойынша №7 нысанға сәйкес АЖ ОДБДИ-да 10461 адам, оның ішінде 6735 – көзбе-көз және 3726 адам – сырттай проактивті куәландырылған. Шағымдану және бақылау арқылы куәландырудан өткен адамдар саны – 173, оның ішінде бақылау арқылы – 82 (көзбен-көз – 62, сырттай-19), олардың ішінде 36- шешімі өзгертілді (31,7%), 45-расталды (52,9%). Шағымдану бойынша – 92, оның ішінде көзбе-көз (очно)-27 адам, 16 адамның сараптамалық шешімі өзгертілді-17,3%, расталғаны – 76 (82,6%). 40 - бастапқы МӘС бөлімдерден әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберілген. 4 жолдамасыз консультация. 12. 2026 жылдың 9 айымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 8 812. Барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімдер сақтала отырып көрсетілді. МӘС -ның қорытындысы бөлім қызметкерлерімен алқалы түрде қабылданады. Сараптамалық отырыстар аудиобейнежазба құралдары арқылы тіркеледі, жазбалар төрт ай сақталады. Мемлекеттік қызмет уақытылы, сапалы, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. 13. 2026 жылдың 9 айы бойынша №7 нысанға сәйкес АЖ ОДБДИ-да 8812 адам, оның ішінде 5106 – көзбе-көз және 3706 адам – сырттай проактивті куәландырылған. Шағымдану және бақылау арқылы куәландырудан өткен адамдар саны – 130, оның ішінде бақылау арқылы – 62 (көзбен-көз – 38, сырттай-24), олардың ішінде 39- шешімі өзгертілді (63,0%), 23-расталды (37,0%). Шағымдану бойынша – 68 (көзбен-көз – 13, сырттай-55), оның ішінде көзбе-көз (очно)-13 адам, 17 адамның сараптамалық шешімі өзгертілді-17,3%, расталғаны – 49 (72,0%). 21 - бастапқы МӘС бөлімдерден әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберілген. 2 жолдамасыз консультация. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Анықталған тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар МӘС саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында: сараптамалық шешімдерді қабылдау кезінде объективтілік, ашықтық және алқалылық қағидаттарын сақтау; МӘС сарапшыларының қабылдайтын шешімдерінің негізділігіне тұрақты ішкі бақылау жүргізу; медициналық құжаттардың сапасы мен толықтығына мониторинг жүргізу; негізсіз немесе күмәнді жолданымдарды анықтап, медициналық ұйымдарға тиісті ақпарат жолдау; қайталама және шағым бойынша куәландыру нәтижелерін жүйелі түрде талдау; қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен азаматтардың құқықтары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу ұсынылады. Қорытынды Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде МӘС саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі факторлары сараптамалық шешім қабылдау, медициналық құжаттарды бағалау, мүгедектік тобын және мерзімін белгілеу, сондай-ақ азаматтардың шағымдарын қарау кезеңдерінде туындауы мүмкін екендігі анықталды. Департамент басшы м.а. А.Беккалиева
    DOCX · 39 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баяндама

    2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі талдамалық ақпарат

    2026 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 368 мың іс-шара немесе қажетті (496 мың) санының 74,4%-ы іске асырылды. Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құр...

    Ереже

    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32659 болып тіркелді.

    Бұйрық

    Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32571 болып тіркелді.

    Бұйрық

    Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдар

    нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқ...

    Бұйрық

    Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32993 болып тіркелді.

    Ереже

    Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32922 болып тіркелді.

    Кодекс

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 маусымда № 32875 болып тіркелді.

    НҚА

    Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32941 болып тіркелді.