1. Сұрақ:Бала туған кезде берілетін жәрдемақының мөлшері қанша?
Жауап: 2026 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты есептеледі.
Бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы 38 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 164 350 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 272 475 теңге.
2. Сұрақ: Бала тууына байланысты жәрдемақыға өтініш беру мерзімі қандай?
Жауап: Бала туған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей өтініш беру қажет.
3. Сұрақ: Республикалық бюджеттен бала күтіміне байланысты жәрдемақы кімге тағайындалады?
Жауап: Жұмыс істемейтін ата-анаға немесе бала күтімін жүзеге асыратын адамға заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
4. Сұрақ: Жәрдемақыға өтінішті қайда беруге болады?
Жауап:
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
- «Отбасының цифрлық картасы» проактивті жүйесі;
- Екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы.
5. Сұрақ: Жәрдемақы тағайындалғанын қалай тексеруге болады?
Жауап: Электрондық қызметтер арқылы өтініштің мәртебесін тексеруге болады, сондай-ақ төлем тағайындалғаны туралы 1414 смс хабарлама келеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









