"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстанға қоныс аударған отбасылар үшін жаңа ортаға үйрену, жұмыс табу және балалардың білім алуын жалғастыру маңызды. Бұл бағытта Migration ақпараттық жүйесі көшуге ниетті азаматтарға қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Аршалы ауылына отбасымен бірге көшіп келген Ибатов Нұрмұрад бұл үдерістен еш қиындықсыз өткенін айтады. Ол Қазтест сынағын тапсырып, Migration сайты арқылы барлық қажетті ақпаратты алған. Сауалнаманы толтырып, тиісті құжаттарын өткізген. Көп ұзамай жұмысқа орналасып, балалары жергілікті мектепте білім ала бастаған.
▶️ Қазақстанға қоныс аудару тәжірибесі мен жаңа өмірге бейімделуі туралы толығырақ бейнероликте.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









