Бүгін Ақтау қаласындағы Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша имамдарына арналған семинар-тренинг өтті.

    1 / 4

    Іс-шараның мақсаты – «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің жария мәлімдемелері мен жарияланымдары бойынша» әзірленген ұсынымдарды түсіндіру.

    Семинар-тренингті Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ж. Оңғарбай жүргізді. Іс-шараға 35 имам қатысты.

    Тренинг барысында жария мәлімдемелер мен жарияланымдарға қатысты ұсынымдар түсіндіріліп, қатысушыларға тиісті нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары