"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і·Жаңалықтар мұрағаты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен танысты.
Жолдауда еліміздің алдағы даму бағыттары айқындалып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Департамент ұжымы өз құзыреті шегінде белгіленген міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен орындап, халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға өз үлесін қоса береді.
Ел игілігі мен халықтың әл-ауқаты жолында бірге еңбек етеміз!








