ТҰРҒЫНДАР БАСТАМАСЫМЕН 10А ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ АУЛА ЖАҢАРТЫЛДЫ

    1 / 16

    Әуезов ауданының 10А шағынауданындағы №16 үйдің ауласы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылып, тұрғындар үшін жайлы демалыс кеңістігіне айналды.

    Жоба аясында ауладағы төсемтастар жаңартылып, қауіпсіз резеңке жабын төселді. Балаларға арналған ойын алаңы мен спорттық жаттығу құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ тербелмелі орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасы орнатылды.

    Аталған үйдің тұрғыны Гүлмира Нұрдунқызының айтуынша, 2025 жылы көршілес үйлердің тұрғындары бірігіп, жеті жылға жуық пайдаланылған ойын алаңын жаңарту туралы бастама көтерген. Аудан әкімдігінен кеңес алған соң, қыркүйек айында өтінім беріп, жобаға қолдау көрсету үшін тұрғындар арасында дауыс беру ұйымдастырған.

    Осылайша, тұрғындардың өздері ұсынған бастама бүгінде игілікті іске айналды. Бұл – «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы тұрғындардың өз ауласын көркейтуге тікелей үлес қоса алатынының нақты көрінісі.

    Биыл Әуезов ауданында аталған бағдарлама аясында 29 жоба жүзеге асырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары