Қабылдау барысында тұрғындар инженерлік желілерге қосылу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау, аула аумақтарын абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, автотұрақтарды ретке келтіру, бейнебақылау жүйелерін орнату, аула қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс нысандарының мәртебесін анықтау және қоқыс алаңдарын орналастыруға қатысты өтініштер қаралды.
Әрбір тұрғынның өтініші жеке қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Аудан әкімі жауапты бөлімдерге мәселелерді жан-жақты пысықтап, заңнама аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:
— «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге;
— немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.









