Қосшы қаласы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Нүркенұлы Мұхаметқалиев қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нұрсұлтан Мұхаметқалиев 1993 жылы туған. Жоғары білімді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Синергия» университетінде құқықтану ғылымының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2016 жылы құқық қорғау саласында бастаған. Әр жылдары Астана қаласының полиция департаментінде, экономикалық тергеу органдарында және жеке секторда түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2025 жылдан бастап Қосшы қаласы әкімінің аппаратында қызмет етіп, аумақтық-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, кейін әкім аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.
Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!









