АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде

    Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

    Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды және таратуды жүзеге асыра алмайды.

    Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мынадай электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: [email protected]

    Абайауданыныңаумақтық сайлау комиссиясы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай ауданының әкімдігі" жаңалықтары