Мейірім мен өнер тоғысқан тағылымды кеш

    1 / 5

    «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығындаҚазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күніне орай Қазақстанның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі квартетінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

    Әсем әуен мен рухани әсерге толы концерт көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, өнер арқылы жүректерге жылулық ұялатты.

    Іс-шара барысында Орталық директоры Қуанышбек Сыдықұлы ізгі лебізін білдіріп, концертке қатысушылар мен ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, мәдени іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

    Бұл тағылымды кездесу қоғамдағы мейірімділік пен өзара құрметті нығайтып, өнердің адамдарды біріктіретін ерекше күш екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары