Асыраушысынан айырылған отбасыға – әлеуметтік қолдау.

    Асыраушысынан айырылған отбасыға – әлеуметтік қолдау.

    1-сұрақ: Асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы кімдерге тағайындалады?
    Жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болған, заңнамада белгіленген еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне тағайындалады. Оларға кәмелетке толмаған балалар, мүгедектігі бар балалар және балаларды күтіп-бағатын, жұмыс істемейтін отбасы мүшелері жатады.

    2-сұрақ: 18 жастан асқан студенттер жәрдемақыны ала ала ма?
    Иә. Күндізгі оқу нысанында білім алатын азаматтарға жәрдемақы оқуын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін төленеді. Академиялық демалыс кезеңі де ескеріледі.

    3-сұрақ: Жәрдемақы қай күннен бастап тағайындалады?
    Жәрдемақы алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте өткен кезең үшін жәрдемақы өтініш берілген күнге дейінгі 12 айдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

    4-сұрақ: Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қалай беруге болады?
    Өтінішті Мемлекеттік корпорация яғни Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта беруге болады. Проактивті қызмет кезінде азаматтан жеке өтініш талап етілмейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і" жаңалықтары