Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 5
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.
    Жолдаудағы негізгі бастамалар мен тапсырмалар:
    Ауқымды құрылыс және инфрақұрылым: 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан елдің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларға 1,5 триллион теңге қарастырылады. Келесі жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» болып жарияланды.
    Ең төменгі жалақы және әлеуметтік төлемдер: Үкіметке ең төменгі жалақыны келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру тапсырылды. Бұл өзгеріс 1,8 миллионға жуық адамның табысына әсер етеді.
    Медицина қызметкерлері: Учаскелік медициналық қызмет мамандарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін арттырылады.
    Энергетика: 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне (артығына) қол жеткізу міндеті қойылды. Келесі жылы Балқаш АЭС-інің құрылысын бастау және Мойынқұм АЭС-і бойынша келісімге келу мәселесі қарастырылады.
    Көлік және логистика: Келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады (Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады). «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартады.
    Ауыл шаруашылығы: Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, «Бәйтерек» холдингі тағам өнеркәсібінде құны 500 миллиард теңгеден асатын жобаларды жүзеге асыруы тиіс
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары