Инфекциялық емес аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 27 қазанда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлеріне «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу: жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, гипертония және басқа да аурулар» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – инфекциялық емес аурулардың алдын алу және олардың қауіп факторлары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Семинар барысында әсер етуге келмейтін қауіп факторлары (жынысы, жасы, тұқым қуалаушылық) және әсер етуге болатын қауіп факторлары (темекі шегу, алкогольді тұтыну, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, семіздік, артериялық қысымның жоғарылауы, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейінің жоғары болуы, стресс және депрессия) түсіндірілді. Сонымен қатар инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларына тоқталып, олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға дұрыс және теңгерімді тамақтану, дене салмағын бақылау, жасына және денсаулық жағдайына сәйкес тұрақты дене белсенділігімен айналысу, зиянды әдеттерден бас тарту, стресс деңгейін төмендету және профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өту қажеттілігі ескертілді. Сондай-ақ алғашқы профилактика шаралары, оның ішінде еңбек және демалыс режимін сақтау, дене белсенділігін арттыру, ас тұтынуды шектеу, алкоголь мен темекіден бас тарту және дене салмағын бақылау мәселелері қарастырылды. Семинар соңында спикер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ақпаратты бекіту мақсатында қатысушыларға жадынамалар мен буклеттер түріндегі ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары