2026 жылғы 19 қазанда Шымкент станциясының теміржол вокзалында аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараны Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары, обаға қарсы күрес қызметі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел медициналық жәрдем қызметі, көліктегі полиция, «Қала маңы тасымалы» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында күдікті жағдай анықталған кезде атқарылатын іс-қимыл алгоритмі пысықталып, қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлесімді әрекет ету дайындығы бағаланды. Оқу-жаттығуды өткізуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының мамандары қолдау көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше эпидемиологиялық жағдайларға дайындықты арттыруға және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.
Шымкент теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді
1 / 2
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Астанада ИКАО Бас хатшысының қатысуымен авиациялық қауіпсіздіктің болашағы мен мамандардың жаңа буынын даярлау мәселелері талқыланды
Көлік министрлігіАшу
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КІТАПХАНАСЫ БАР 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Қобда ауданы әкімдігіАшу
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
Зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтары есебінен өмір бойы төлем алуға мүмкіндік береді
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
"Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары

Өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Құқықтық семинар өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Салауатты жұмыс орны – әрбір қызметкердің денсаулығының, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі!
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары талқыланды
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу