«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

    1 / 4

    2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту-семинары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оқыту-семинары барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, лудоманияның алдын алу және оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында профилактикалық жұмысты күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және тиісті түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауының және қызметтік міндеттерін адал орындауының маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары