Салауатты жұмыс орны – әрбір қызметкердің денсаулығының, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі!

    2026 жылғы 13 қазанда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Мұғалжар аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігерімен бірлесіп, «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Қандыағаш станциясындағы перрондық сумен жабдықтау қызметкерлеріне, теміржол вокзалының қызметкерлері мен жолаушыларға арналған семинар өткізді. Семинар барысында инфекциялық емес аурулардың, тұмаудың, ЖРВИ, COVID-19, туберкулез бен қызылшаның алдын алу мәселелері қарастырылды. Қазан айының сүт безі обырының алдын алуға арналған «Қызғылт қазан» айы болуына байланысты қатысушыларға сүт безі ауруларын ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексерулерден және скринингтік зерттеулерден, оның ішінде маммографиядан уақтылы өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар қолданыстағы санитариялық заңнама талаптары, жұмыс берушінің қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлі, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңыздылығы және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпараттық жадынамалар мен брошюралармен қамтамасыз етілді. Семинар соңында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында сауалнама жүргізіліп, оған 19 адам қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары